Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары мен заңдылық қағидаттарын сақтау мәселелері қаралды. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараға СҚО ТЖД қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Сұлтанбек Сакибаев қатысты. Кездесу барысында инспекторлық құрамның лауазымды тұлғалары шешім қабылдау кезінде заңдылық, объективтілік және бейтараптық қағидаттарын сақтау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, нысандардың өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар беру кезінде заң талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі талаптар түсіндірілді. Кеңес қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын жетілдіру және СҚО ТЖД-дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру бағыттары айқындалды. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өткізілді.
СҚО ТЖД-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
1 / 9
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

БҚО-да «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында профилактикалық есепте тұрған 2 мыңға жуық азамат тексерілді
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Автокөлікті сату бойынша ашық аукцион өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті
Ашу
Атырау облысында 2026 жылдың 9 айында еңбек құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындылары
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Шымкентте кәсіби байқаулардың жеңімпаздары марапатталды
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
"" жаңалықтары

ТЖМ жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу жұмыстарын күшейтуде
Ашу
ТЖМ басшысы «Селденқорғау Құрылыс» РМК-ның қалпына келтіру жұмысымен танысты
Ашу
Жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары жалғасуда
Ашу
Құтқару – жүрек таңдауы: Байбұлан Секербаевтың оқиғасы
Ашу
ТЖМ қарқынды дамып келе жатқан Астананың өрт қауіпсіздігін күшейтуде
Ашу