Департаментте «Ашық есік күні» аясында еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шара барысында азаматтарға өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормалары, еңбек құқықтарын қорғау және уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді. Біздің басты міндетіміз – азаматтарға сапалы құқықтық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, заңнама талаптарын уақтылы түсіндіру және мемлекеттік еңбек инспекциясының құзыреті шегінде олардың еңбек құқықтарын қорғауға жәрдемдесу.









