2026 жылғы 9 қазанда Глубокое ауданының әкімі Э. Л. Тумашинов пен Ертіс ауылдық округінің әкімі Е. К. Жұмағұловтың Черногорка, Уварово, Прапорщиково ауылдары және 226 км теміржол разъезі тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, ауылдық округті одан әрі дамыту жөніндегі пікірлерін білдірді.
Алдыңғы кездесу қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға назар аударылды. Ертіс ауылдық округінің әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігінің шешілуін қамтамасыз етті. Жолдарды асфальттауға қатысты екі міндет одан әрі іске асыруды қажет етеді.
Кездесуде қойылған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары ескерілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер одан әрі пысықтау үшін бақылауға алынды.
Халықпен кездесу қорытындылары ауылдық округтің алдағы жұмысын жоспарлау және тұрғындар көтерген мәселелерді шешу кезінде ескерілетін болады.









