ШЫМКЕНТ ПЕН ДЕБРЕЦЕН ҚАЛАЛАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕДІ

    Шымкент қаласының әкімі Венгрияның Дебрецен қаласының мэрі Ласло Папппен кездесті.
    Кездесу барысында тараптар екі қала арасындағы байланысты нығайту, іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ білім беру, инновация және қалалық инфрақұрылым салаларында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
    Шымкенттің өнеркәсіп, кәсіпкерлік, сауда және логистика бағыттарындағы әлеуетін таныстыра отырып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделілік білдірілді.
    Келіссөздер қорытындысы бойынша Шымкент пен Дебрецен қалалары арасында бауырлас қала қатынастарын орнату туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар Дебреценде Шымкент күндерін өткізу және Дебрецен университетінің Шымкентте филиалын ашу мүмкіндіктері қарастырылды.
    Бұған дейін өткен Қазақстан–Венгрия бизнес-форумы аясында екі елдің іскерлік топтары инвестициялық жобаларды, сауда-экономикалық байланыстарды және технологиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылаған болатын.
    Қол жеткізілген келісімдер екі қала арасындағы экономикалық, білім беру, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары