
Tax Free пилоттық жобасы шетелдік туристердің Қазақстан аумағында сауда жасауына қолайлы жағдай қалыптастырып, олардың еліміздегі туристік және сауда инфрақұрылымы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Осыған байланысты, Шымкент қаласындағы кәсіпкерлік субъектілерін Tax Free жүйесіне қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз.
Жоба аясында сауда орталықтары, сауда желілері, дүкендер, отандық және халықаралық брендтер, франчайзинг нысандары, қонақүйлер, туроператорлар, турагенттер және шетелдік туристермен жұмыс істейтін өзге де ұйымдарды Tax Free жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз.
Tax Free жүйесіне қатысу тәртібі туралы толық ақпарат QR-кодтар арқылы қолжетімді.
Шетелдік туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және туристік әлеуетті одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.









