Шымкент қаласында ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға және өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа бастама жүзеге асты.
Auezov University-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған Форсайт орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа орталық ғалымдар мен өндіріс өкілдерінің өзара ынтымақтастығын дамытуға, кәсіпорындардың сұранысына сай ғылыми зерттеулер жүргізуге және өңірдің өзекті мәселелеріне инновациялық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Орталықтың ашылуына орай өңір ғылымын дамытудың басым бағыттарын айқындауға арналған форсайт-сессия ұйымдастырылды. Іс-шараға Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, зерттеушілер мен өндіріс саласының мамандары қатысты.
Форсайт орталығының жұмысы ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығын күшейтіп, өңір экономикасының дамуына серпін беретін жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге жол ашады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









