
Соңғы жылдары цифрлық трансформация Қазақстанның дамуындағы маңызды бағыттардың біріне айналды. 2024 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 мемлекеттің арасында 24-орынға көтерілді. Ал 2019 жылғы рейтингте еліміз 39-орында болған.
Отандық IT-қызметтердің экспорты да кеңейіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 1,142 млрд АҚШ долларына жетіп, 2020 жылғы 33,5 млн АҚШ долларымен салыстырғанда айтарлықтай өсті. IT-қызметтер экспорты алғаш рет 1 млрд АҚШ долларынан асып, Astana Hub резидент-компанияларының экспорты 633 млн АҚШ долларын құрады.
Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылым да дамып келеді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90,4%-ы электрондық форматта көрсетіледі, ал 95,9%-ы смартфон арқылы қолжетімді. Елде интернет инфрақұрылымын кеңейту және 5G қоса алғанда, заманауи байланыс технологияларын енгізу жұмыстары да жалғасуда.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер саласында да елеулі өзгерістер орын алуда. 2019 жылы төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 13,3 трлн теңгені құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 186,3 трлн теңгеге жетті. Яғни шамамен 14 есеге өсті.
Осылайша, цифрландыру біртіндеп электрондық мемлекеттік қызметтер аясынан шығып, мемлекеттік басқару, телекоммуникациялар, қаржы секторы, IT-индустрия және технологиялар экспорты сияқты салаларды қамтып отыр. Бұл Қазақстан экономикасының жаңа цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік беруде.







