Заңдылық пен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан прокуратурасы мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.
Кеңес барысында туристік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелер, көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, атпен серуендеуді ұйымдастыру, сондай-ақ аталған қызметтерді көрсететін субъектілердің қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және курорттық аймақ аумағында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Курорт тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау уәкілетті мемлекеттік органдардың басым міндеттері болып қала береді.
Ақмола облысының прокуратурасы





