Қосшы қаласының №1 мектеп-лицейінде «Прокурор сағаты» өткізілді

    Қосшы қаласының прокуратурасымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 1 қазанда Қосшы қаласының №1 мектеп-лицейінде «Прокурор сағаты» өткізілді.

    Іс-шара барысында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы және оларды таратумен байланысты қылмыстық жауаптылық пен құқықтық салдарлар түсіндірілді.

    Заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын және жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, құқыққа қайшы әрекеттер жасаудың құқықтық салдарлары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

    Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық бейнеролик түсірілді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары