Ақмола облысында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Ақмола облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

    Іс-шараны облыс прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

    Іс-шараның ашылуына облыс прокурорының бірінші орынбасары М.А. Ешімов, Полиция департаменті бастығының орынбасары А.А. Қызбикенов, сондай-ақ ішкі істер органдарының жеке құрамы және басқа да құрылымдардың қызметкерлері қатысты.

    Жеке құрам белгіленген бағыттар бойынша азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына шығып, мекенжайлық профилактикалық жұмыстарды бастады.

    «Қауіпсіз үй» ЖПІШ шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жұмысты күшейту, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады.

    Аталған іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімділігін арттыруға және азаматтар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары