Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметі және Қосшы қаласының полиция бөлімімен бірлесіп, «Қылмыстың қайталануының алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды тұрғылықты жерлері бойынша тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд барысында есепте тұрған тұлғалардың тұрмыс жағдайлары зерделеніп, олардың тіркелген мекенжайлары бойынша нақты тұруы, сондай-ақ сот жүктеген шектеулер мен міндеттерді сақтауы тексерілді.
Мұндай профилактикалық іс-шараларды өткізу қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есепте тұрған тұлғалардың сот жүктеген міндеттер мен шектеулерді сақтауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне бағытталған.
Аталған бағыттағы жұмыс Қосшы қаласы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы




