Сандықтау ауданы әкімінің Дүниежүзілік пошта күнімен құттықтауы

    Құрметті пошта саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

    Сіздерді Дүниежүзілік пошта күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Пошта байланысы қоғам өмірінде маңызды рөл атқарып, адамдар арасындағы сенімді, әрі уақытылы байланысты қамтамасыз етеді. Заманауи технологиялардың дамуына қарамастан, пошта қызметкерлерінің еңбегі әлі де сұранысқа ие және оның маңызы зор. Әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін пошта қызметінің орны ерекше.

    Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, тұрақтылық және кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін! Әрбір жұмыс күніңіз халықтың құрметі мен алғысына бөленіп, өмірлеріңізде жақсы жаңалықтар мен қуанышты сәттер көп болсын!

    Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары