ШҚО-да азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары күшейтілді

    1 / 3

    Шығыс Қазақстанда тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин мәлімдеді.

    Жыл басынан бері облыста 490 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қыркүйек айынан бастап олар «Дала дәмі» бірыңғай тұжырымдамасы аясында өткізіліп келеді. Бұл тұрғындарға ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өнімді тікелей сатып алуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар «Ертіс» ӘКК-нің тұрақтандыру қоры арқылы 41 сауда нысанында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жеңілдетілген бағамен сатылуда. Мәселен, күнбағыс майы – 756 теңге, күріш – 584 теңге, қант – 418 теңге, қарақұмық – 389 теңге, тұз – 97 теңгеден ұсынылады.

    Алдағы күз-қыс маусымына 3650 тонна картоп, 840 тонна сәбіз, 880 тонна қырыққабат және 590 тонна пияз қоры дайындалды. Көкөністерді сату 1 қарашадан басталады.

    Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары