Жамбыл облысында үздік ГТҚҚ буыны анықталды

    1 / 5

    №20 өрт сөндіру бөлімінің базасында Жамбыл облысы ТЖД гарнизонының бөлімшелері арасында «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» атағына арналған жарыс өтті.

    Жарысқа қатысушылар кәсіби даярлықтарын, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын, дене дайындығы мен төтенше жағдайларға барынша жақын жағдайда бірлесіп әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

    Жарыс бағдарламасына кедергілер жолағынан өту, өрт жеңдерімен жұмыс істеу, есікті ашу, зардап шеккен адамды іздеу және эвакуациялау, сондай-ақ тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен жұмыс істеу кезеңдері енгізілді.

    Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
    1 орын — Тараз қаласының №20 өрт сөндіру бөлімі;
    2 орын — Т. Рысқұлов ауданының №10 өрт сөндіру бөлімі;
    3 орын — Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі.

    Жарыс газ-түтіннен қорғау қызметі мамандарының кәсіби даярлық деңгейін бағалауға, командалық жұмысты жетілдіруге және гарнизон бөлімшелері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары