Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев жұмыс сапары барысында Таугүл-1 шағынауданындағы Шалов көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Аралау барысында Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мердігер ұйымдарының өкілдері және техникалық қадағалау мамандарымен бірлесіп, жол жабынының сапасы мен іргелес аумақтың абаттандырылу жағдайын қарады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жөндеу қарқынын арттыру, жұмыс сапасын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімдерді сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.
Жыл басынан бері Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүргізіп жатқан жұмыстар аясында Әуезов ауданындағы жалпы ұзындығы 17,930 шақырымды құрайтын 17 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан келесі учаскелерде қосымша орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
- Шалов көшесі – Тоқтабаев көшесінен соңына дейін;
- Жетісу-2 шағынауданындағы өтпе жол – Ұлықбек даңғылынан №79 үйге дейін;
- Суриков көшесі – Шымболатов көшесінен Төле би көшесіне дейін;
- Ақсай-1 шағынауданындағы өтпе жол – Райымбек даңғылынан Саин көшесіне дейін;
- Отар көшесі – Төле би көшесінен соңына дейін.







