
Бейнеу ауданында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің нұсқама талаптарын орындау мақсатында білім беру ұйымында оқушылармен профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Бейнеу АПБ ҚҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Жалғасов мектеп әкімшілігімен бірлесіп, оқушыларға суық қарудың заңсыз айналымына жол бермеу, оны алып жүру және пайдаланудың құқықтық салдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға суық қаруға жататын заттар, оларды заңсыз алып жүруге жол бермеу талаптары, сондай-ақ суық қаруды қолдануға байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Профилактикалық шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, суық қарумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі









