Атырауда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

    Атырауда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
    5 қазан мен 5 қараша аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
    👮‍♂️ Іс-шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, отбасындағы жағдайды зерделейді.
    🤝 Учаскелік полиция инспекторлары мен отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері заң талаптарын сақтау, отбасылық жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
    ⚠️ Полиция ескертеді: отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз. Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары