
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қапал ауылдық округінің аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстары жалғасуда.
Балалардың спорт алаңында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, алаңның жекелеген бөліктері ретке келтірілді. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда спортпен айналысуына жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауыл тұрғындарымен бірлесіп, Абай көшесінің шағын шұңқырларына асфальт төсеу жұмыстарын жүргізді.
Туған ауылдың тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі істер тұрғындардың ауызбіршілігі мен туған жерге деген жанашырлығын көрсетеді.









