Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы

    Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы
    1. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы қалай пайда болды?

    Аранайы мемлекеттік жәрдемақыны төлеудің құқықтық негізі 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы»Қазақстан Респуликасының Заңымен белгіленді.

    Аталған жәрдемақы Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жекелеген санаттарына Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

    2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі қабылданғанда аранайы мемлекеттік жәрдемақыларға қатысты нормалар сақталды.

    1. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы өзінің мәні бойынша не?

    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - бұл азамат заңда белгіленген санаттардың біріне жататын болса, басқа да жәрдемақылар мен төлемдерге қарамастан республикалық бюджеттен ай сайын төленетін ақшалай төлем.

    Өте маңызды қағида:

    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы зейнетақы болып табылмайды және зейнетақының орнын алмастырмайды.

    Мысалы, азамат зейнетақы алып, сонымен қатар тиісті негізі болған жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны да бір мезгілде ала алады.

    Егер арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқық бірден бірнеше негіз бойынша туындаса, төлем тек бір негіз бойынша - алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады.

    1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны кімдер алады?

    Заң қолданыста болған кезеңде алушылар санатының тізбесі едәуір өзгерді. 1999 жылдан 2022 жылға дейін оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді.

    Қолданыстағы негізгі санаттарға мыналар жатады:

    Ардагерлер және оларға теңестірілген адамдар:

    • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
    • басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
    • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;
    • жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
    • әскери қызметшілердің және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қайта некеге тұрмаған кейбір жесірлері (жесірлері ерлер).

    Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қайтыс болған:

    • әскери қызметшілер;
    • арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
    • ішкі істер органдарының қызметкерлері;
    • Чернобыль апатының зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдар;
    • өлімі радиациялық апаттарға, аварияларға және ядролық сынақтарға байланысты болған жекелеген адамдардың отбасы мүшелеріне тағайындалады.

    Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мынадай санаттарға қарастырылған:

    Батырлар менмемлекет алдында ерекше еңбегі сіңген адамдар:

    • Кеңес Одағының Батырлары;
    • Социалистік Еңбек Ерлері;
    • үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлері;
    • үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;
    • «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағына ие болған адамдар;
    • «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар;
    • «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;
    • Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар.

    Тыл еңбеккерлері:

    Бұл құқық бұрынғы КСРО-ның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз қызметі үшін ордендерімен/медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген немесе қызмет атқарған кейбір адамдарға беріледі.

    Чернобыль:

    Жекелеген санатқа 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, сондай-ақ Қазақстанға иеліктен шығару және қоныстандыру аймақтарынан эвакуацияланған немесе өз бетінше көшіп келген адамдар жатады. Бұл санатқа эвакуация кезінде ана құрсағында болған, заңда көзделген кейбір балалар да кіреді.

    Мүгедектігі бар кейбір адамдар:

    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы I, II және III топтағы мүгедектігі бар жекелеген зейнеткерлерге, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес зейнетақы алатын Байқоңыр қаласының тұрғындарына да қарастырылған.

    Саяси қуғын-сүргін құрбандары:

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға мүгедектігі болса не зейнеткер болып табылса арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары