
Қапал ауылдық округі аумағында нашақорлықтың алдын алу, есірткі құралдарын қолдануға және заңсыз таратуға жол бермеу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Нашақорлықтың алдын алудың маңызды бағыттарының бірі – тұрғындарға есірткі құралдарын қолданудың денсаулыққа және қоғамға тигізетін зияны туралы ақпарат беру, сондай-ақ есірткіге қарсы теріс көзқарас пен төзбеушілік қалыптастыру.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Қапал ауылдық округінің алаңында орнатылған LED-экранда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нашақорлықтың алдын алуға және халықты есірткі құралдарын қолдану мен заңсыз таратудың жолын кесуге бағытталған ақпараттық материалдары орналастырылды.
Ақпараттық материалдарды көпшілік назарына ұсыну тұрғындардың есірткі мәселесіне қатысты хабардарлығын арттыруға, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткіге қарсы тұрақты ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Нашақорлық – адамның денсаулығына, отбасына және жалпы қоғамға елеулі қауіп төндіретін әлеуметтік мәселе. Есірткі құралдарының таралуына жол бермеу және олардың қолданылуының алдын алу – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Қапал ауылдық округінің аппараты тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға, жас ұрпақтың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты кез келген фактіге бейжай қарамауға шақырады.
Бірге біз есірткісіз, қауіпсіз әрі салауатты қоғам құра аламыз!









