Жылыту маусымына дайындық бойынша профилактикалық рейд өткізілді!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жылыту маусымына дайындық бойынша профилактикалық рейд өткізілді!

    Кәмелетке толмағандардың, жалғыз басты, көпбалалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 29 қыркүйек күні Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.

    Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – жылыту маусымына дайындықты бақылау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу.

    Рейд барысында тұрғын үйлердегі жылыту жүйелерінің, пеш жабдықтарының, мұржалар мен электр желілерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне назар аударылды.

    Сонымен қатар тұрғындарға жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау, пештер мен мұржаларды уақытылы тексеру, ақаулы жылыту жабдықтарын пайдаланбау, электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу және балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары!

    Жылыту маусымына дайындық – әр отбасының қауіпсіздігі үшін маңызды. Өз үйлеріңіздегі пештерді, мұржаларды және электр желілерін алдын ала тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

    Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары