
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қапал ауылдық округі аумағында Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Рейд барысында елді мекен аумағының санитарлық тазалығы мен абаттандыру қағидаларының сақталуына бақылау жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, округ тұрғындарына көші-қон заңнамасының талаптары, тұрғылықты жері бойынша тіркеу (прописка) рәсімдері, азаматтарды тіркеу мәселелері және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары!
Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға, тұрғылықты жер бойынша тіркеу талаптарын уақытылы орындауға және заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз. Туған өлкеміздің тазалығы мен қауіпсіздігін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.









