«Таза Қазақстан»: тазалық пен қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Таза Қазақстан»: тазалық пен қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!

    Қапал ауылдық округі бойынша профилактикалық іс шаралар өтуде!!!
    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қапал ауылдық округі әкімінің аппараты мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ауыл аумағының тазалығы мен көркейтілуін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізуде.

    Іс-шара барысында тұрғындарға:
    ✅ аулалар мен іргелес аумақтарды таза ұстау;
    ✅ тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару;
    ✅ қоршаған ортаға ұқыпты қарау;
    ✅ абаттандыру талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    🚨Сонымен қатар, Мал ұрлығының және бөтеннің мүлкіне қол сұғу қылмыстарының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

    ☝🏽Іс-шаралар барысында тұрғындарға малды қараусыз жібермеу, қауіпсіз қора-жайларда ұстау, жайылымға бақташының бақылауымен шығару, сондай-ақ малды міндетті түрде сырғалап, чиптеу қажеттілігі түсіндірілуде. Сонымен қатар, күмәнді жағдайлар немесе құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігі ескертілді.

    Сондай-ақ тұрғындарға жеке мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарау, тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарын сенімді құлыптармен және мүмкіндігінше бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау жөнінде ұсыныстар берілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары