Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу

    Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.
    Мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына, мүдделер қақтығысына жол бермеуіне, мемлекеттік қызметке жауапкершілікпен қарауына және қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметтің беделін сақтауға ерекше мән беріледі.
    Профилактикалық жұмыстар аясында ойынға тәуелділіктің алдын алу мәселелеріне де ерекше назар аударылады. Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және онлайн-ставкаларға қатысуы тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Ал құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда, заңнамада көзделген әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
    Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге заңнамада белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, кәсіпкерлікпен және өзге де ақылы қызметпен айналысуға жол берілмейтіні түсіндіріледі. Заңнамада ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айналысуға қатысты ерекшеліктер көзделген. Белгіленген талаптарды бұзуға, атап айтқанда, заңда көзделмеген жағдайларда ақылы қызмет көрсету және такси сервистері арқылы жұмыс істеу жатады.
    Қызметтік әдеп нормалары мен заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау – мемлекеттік қызметті адал атқарудың маңызды талаптарының бірі.
    Департаментте құқық бұзушылықтардың алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ заңдылық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жалғасын табады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары