
АРАЛ–ЖАЛАҢАШ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ауданның жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Бүгінде жалпы ұзындығы 62,6 шақырым болатын аудандық маңызы бар «Арал–Жалаңаш» автомобиль жолының 26 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді.
Қазіргі таңда жолдың жартысынан астам бөлігі жөнделіп, қалған учаскелерде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Жаңартылған жол тұрғындардың қатынауын жеңілдетіп, елді мекендер арасындағы көлік байланысын жақсартуға мүмкіндік береді.





