Қызылорда облысы, Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты
«Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің іс-қимылын, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып Арал аудандық әкімдігі болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
«Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мергенсай ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс.
Конкурс «Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мергенсай ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс. БИН/БСН: 140840022989 Конкурс ID: 333093377357000000 Бос жұмыс орнының сипаттамасы сипаттамасы: «Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мергенсай ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Кандидатқа қойылатын талаптар: Білім: Жоғары білім Мамандық: Өнер және гуманитарлық ғылымдар Жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан жоғары Академиялық дәреже: Талап етілмейді Ғылыми дәреже: Қажет емес Өтінімдерді қабылдау: 23.07.2026 - 31.07.2026 жыл. Конкурстың өткізілу күні: 04.08.2026 жыл. Ұйымдастырушы: "Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі БСН: 941240001667 Кәсіпорынның сипаттамасы: «Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мергенсай ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қосымша талаптар: Білуі тиіс: - Конституцияны; - Бюджет кодексін; - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; - Еңбек кодексін; - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; - «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін. Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Байланыс: Арал ауданы, Мергенсай ауылдық, Жаланаш ауылы, Жалаңаш көшесі, 117-үй тел: 87756214469 email: [email protected]
Мергенсай ауылдық округі туралы мәлімет
Мергенсай ауылдық округіне Жалаңаш ауылы, Тастүбек елді мекені қарайды Арал ауданы Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылы Арал теңізі жағасына қоныс тепкен. Бұл ауылдың іргетасы 1927 жылы қаланған. 1927 жылы он елді мекеннен Тастүбек, Қарабұлақ, Кішіқұм, Сарықұм, Үшшоқы, Мергенсай, Жалаңаш, Дәкі, Сарышығанақ, Сарышоқыдан «Бірлестік» атты біріктірілген колхоз болып құрылды. Теңіз жағасында болғандықтан атакәсіп балық аулау болған, төрт түлік мал да өсірген. 1934 жылы «Бірлестік» колхозы қайта ірілендіріліп, үш елді мекеннен тұратын, Жамбыл атындағы балық колхозы құрылды. 1928 жылы - Арал ауданы дербес әкімшілік аудан болып құрылған кезде Мергенсай ауылдық кеңесі құрылып(қазіргі округ) оның құрамына енді. Жер көлемі 29131 га, аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде, Үлкен Сарышығанақ көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан Халық саны – 688; үй саны -160. Негізгі шаруашылық бағыттары: мал және балық шаруашылығы. Жалаңаш ауылында мектеп жасындағы балаларды толықтай сапалы біліммен қамтитын 150 орындық №58 орта мектеп, мектепке дейінгі 90 орындық типтік жобадағы «Желкен» бөбекжайы қызмет көрсетеді. Ауылда мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға арналған клуб үйі мен жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мақсатында елді мекенде медициналық пункті бар. Төтенше және күрделі жағдайларда науқастар 60 шақырым жердегі Арал аудандық ауруханасына жеткізіледі. Сумен жабдықтау жүйесі Орталықтандырылған ауыз су: Округ орталығы Жалаңаш ауылымен Тастүбек елді мекені толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Тұрғындар таза ауыз суды арнайы су тарату тораптары мен үйге тартылған құбырлар арқылы тұтынады. Округ аудандық және облыстық орталықтандырылған жоғары вольтты электр желілеріне қосылған. Көшелерді жарықтандыру: Ауылдың барлық көшелері заманауи жарықдиодты (LED) шамдармен жарықтандырылған. Жол-көлік инфрақұрылымы Сыртқы байланыс жолы: Ауылды сыртқы әлеммен байланыстыратын басты инженерлік нысан — «Арал–Аэропорт–Жалаңаш» автожолы. Ішкі жолдар: Елді мекен ішіндегі орталық көшелерге асфальт және тас төселген. Байланыс және телекоммуникация желілері Ұялы байланыс мұнаралары: Ауылда ірі отандық оператордың ( Kcell/Activ) базалық станциялары орнатылған, бұл тұрғындардың 3G/4G мобильді интернетін пайдалануына мүмкіндік береді. Қазақтелеком байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген. «Мергенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми байланыс мәліметтері: Мекенжайы: 120111, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округі, Жалаңаш ауылы. Байланыс телефоны: +7 (72433) 4-20-01. Ресми электрондық поштасы (E-mail): [email protected] (сонымен қатар [email protected] қолданылады).