КІТАППЕН ӨРІЛГЕН ЖЕТІСТІК

    КІТАППЕН ӨРІЛГЕН ЖЕТІСТІК

    КІТАППЕН ӨРІЛГЕН ЖЕТІСТІК

    Бүгін М. Еслямғалиев атындағы орталықтандырылған кітапхананың Қадыр Мырза-Әлі атындағы залында Сырым ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиет оқуға ынталандыру мақсатында «Кітап – ақыл-ой қазынасы, рухани мұрасы» атты тағылымды шара өтті.📚

    Шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы, аудандық мәслихат төрайымы Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы, «Әділет» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Дарғожиев Талғат Мұратұлы, білім беру бөлімінің басшысы Жамбылов Әкежан Әлібекұлы,

    ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, кітапхана қызметкерлері және Шыңғырлау ауданынан арнайы келген делегация қатысты.

    Айтулы басқосудың басты сәттерінің бірі – Шыңғырлау ауданында өткен облыстық «Мен оқыған 30 кітап» байқауында жүлделі ІІІ орын иеленген Сырым мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Батырғали Айару Нұрболқызын марапаттау болды.🌟

    Арнайы марапатты табыстау үшін кітап оқу мәдениетін насихаттауға үлес қосып жүрген азамат, жергілікті ақын, Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы, облыстық байқаудың әділ қазыларының өкілі Шотпанов Адақ Танабайұлы және ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Байболат Самат Сергеевич қатысып, салтанатты сәтте Айаруға «Кітап оқу амбассадоры» төсбелгісін тағып, куәлігін табыстады🎉.

    Сонымен қатар Айарудың ата-анасына Шыңғырлау ауданы әкімінің Алғыс хаты табысталып, жас оқырманның жетістігіне ізгі тілектер білдірілді.

    📖 Тағылымды шара кітап оқудың маңызын насихаттап, жас ұрпақты білімге, ізденіске және рухани құндылықтарды бағалауға үндеді.

    👏 Батырғали Айаруды айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да кітап әлеміндегі ізденісі мен шығармашылық қадамына сәттілік тілейміз!💥

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары