Мемлекеттік грант алу аясында кәсіпкер Гаухар Әріпбайдың өз жобасын іске асыруы туралы

    Мемлекеттік грант алу аясында кәсіпкер Гаухар Әріпбайдың өз жобасын іске асыруы туралы

    Мемлекет жеке бизнесті қолдау және дамыту уүшін қайтарымсыз гранттар береді.

    Ағымдағы жылдың басынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жалпы сомасы 174,1 млн теңгеге 104 грант берілді. Гранттар бір рет және нысаналы мақсатта беріледі. 2024 жылдың тамыз айында Булаев қаласына (Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы) көшіп келген Гаухар Әріпбай да бұл мүмкіндікті қалт жібермеді. Кәсіпкерлік бағыты ретінде Гаухар қоғамдық тамақтану саласын таңдады. Ол Булаев қаласында BRO KEBAB деп аталатын жайлы асхана және фастфуд форматындағы дәмхана ашуды ұйғарды.

    Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту процесінің барлық кезеңдерінен өткеннен кейін Гаухар Әріпбай көптен күткен сертификатына қол жеткізді. Оның болашағы зор бизнес-жобасын аудандық комиссия мақұлдады. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Гаухар Әріпбай 1 572 800 теңге көлемінде өтеусіз грант алды. Алынған қаражат толығымен нысаналы мақсатқа жұмсалып, нысанды толыққанды іске қосуға қажетті сапалы кәсіби жабдықтар мен ас үй инвентарларын сатып алды.

    Бүгінде таңда BRO KEBAB дәмханасы табысты жұмыс істеп тұр, ал оның дәмді тағамдары мен жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуі Булаево тұрғындары мен қонақтарының ықыласына бөленді.

    Жұмыс істеген барлық кезеңде Гаухар Әріпбай өндіріс қарқынын арттырып қана қоймай, дәмхана қызметтерін кеңейтті: жастар мен аға буын арасында танымал болып үлгерген үйге жеткізу қызметі іске қосылды. Қазіргі уақытта тұрақты табысы бар 3 жұмыс орны құрылды.

    Оның мысалы мемлекеттік көмектің өз ісін ашуға нақты мүмкіндік екенін айқын дәлелдейді. Ең бастысы – оқуға деген шынайы ықылас пен өз мақсатына сенімді түрде алға ұмтылу қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары