«Қоғамның әлеуметтік және отбасылық негіздерін нығайтуға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған кешенді гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында табысты әйелдермен кездесу өтті

    «Қоғамның әлеуметтік және отбасылық негіздерін нығайтуға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған кешенді гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында табысты әйелдермен кездесу өтті

    2026 жылғы 7 қазанда «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК-да «Қоғамның әлеуметтік және отбасылық негіздерін нығайтуға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған кешенді гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында табысты әйелдермен кездесу өтті. Іс-шара Өңірлік коммуникациялар қызметінің спикерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

    Тренерлер ретінде психология ғылымдарының докторлары Алина Куралай Жумкеновна және Фесенко Наталья Федоровна жұмыс жүргізді.

    Кездесу барысында қатысушылар әйелдер көшбасшылығы, тұлғалық және кәсіби даму, табысты мансап құру, кәсіби қызмет пен отбасылық міндеттерді үйлестіру мәселелерін талқылады. Әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін, өзіне деген сенімділігін дамытуға, жеке әлеуетін ашуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ерекше назар аударылды.

    Спикерлер практикалық кеңестерімен және жеке тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ коммуникативтік және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған интерактивті жаттығулар өткізілді.

    Іс-шараға қала колледждерінің 90 студенті қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары