
1 қазан күні Өскемен қаласы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде «Әділет» партиясының демеушілігімен бастауыш сынып оқушыларына арналған заманауи шахмат кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту және мектеп қабырғасында шахмат спортын танымал ету.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан «Әділет» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Мекеева Жанат Жұмағазиновна құттықтау сөз сөйледі. Ол оқушылар мен ұстаздар қауымына жылы лебізін білдіріп, жас шахматшылардың білім мен спортта биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, «Әділет» партиясы атынан жаңа кабинетке шахмат жиынтықтары, сондай-ақ 1-сынып оқушыларына арналған арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері сыйға тартылды.
Мектеп қонақтарының қатарында Қазақстан шахмат федерациясының ШҚО бойынша атқарушы директоры А. Кудинов та болып, бұл бастаманың балалардың логикалық ойлауын дамытудағы маңыздылығын атап өтті және мектеп ұжымына сәттілік тіледі.







