Сұхбат форматындағы ерлік сабақтары: «Өрт сөндіруші-құтқарушы: қаһармандық мамандық»

    1 / 5

    Шығыс Қазақстан облысында білім алушыларға арналған сабақтар өтті. Іс-шараларды ШҚО білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырды. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде сұхбат форматында өткізілді. Қазақ тіліндегі сұхбаттың спикері – ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының аға инспекторы, азаматтық қорғау подполковнигі Құсаинова Гүлсана Киікбайқызы болды. Орыс тіліндегі кездесудің спикері – ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының аға инспекторы, азаматтық қорғау лейтенанты Жаныбекова Гүлбақыт Аманжолқызы болды.

    Кездесудің тақырыбы – «Өрт сөндіруші-құтқарушы: қаһармандық мамандық». Сұхбат барысында спикерлер құтқарушылар еңбегінің неліктен ерлікке баланатынын түсіндірді. Олар адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, ең алдымен от пен жалынның ортасына кіреді. Спикерлер құтқарушыға тән басты қасиеттер – батылдық, ержүректік, қайсарлық және тәртіптілік екенін атап өтті. Өйткені көптеген жағдайда адамдардың өмірі олардың іс-әрекетіне байланысты.

    Спикелер күнделікті қызмет барысында жасалатын ерліктерден нақты мысалдар келтірді. Құтқарушылар өртеніп жатқан үйлерден газ баллондарын алып шығады, ғимараттардың опырылу қаупі кезінде тәуекелге барады, күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істейді. «Ерлік сөзбен емес, іспен өлшенеді», – деп атап өтті олар, әрбір құтқарушының нағыз қаһарман екенін айта отырып. Оқушылар өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары туралы да пайдалы ақпарат алды. Ол үшін әр адам жауапкершілік танытып, электр құралдарын пайдаланғаннан кейін өшіріп, пешті пайдалану режелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауы қажет.Қонақтарбиыл иіс тиіп, яғни көміртегі тотығынан улану салдарынан 15 адамның қаза тапқанын айтып, ұндай қайғылы жағдайларға көбіне үй иелерінің немқұрайдылығы себеп болатынын жеткізді.

    Сұхбаттың жеке бір бөлігі құтқарушы мамандығының дәрігер, полиция қызметкері және мұғалім мамандықтарымен ортақ тұстарына арналды. Олардың барлығының басты мақсаты – адамдарға қызмет ету. Сонымен қатар спикер Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі туралы айтып берді. Академияға 11-сыныптан кейін ҰБТ тапсырып, дене дайындығы нормативтерін орындаған және әскери-дәрігерлік комиссиядан өткен талапкерлер қабылданады. Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу орнын бітірушілерге офицерлік атақ беріледі. Сондай-ақ спикер өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері мен өрт сөндірушілерге арналған бос жұмыс орындары бар екенін де атап өтті.

    Кездесу соңында қатысушылар мазмұнды әңгімесі үшін спикерге алғыс білдірді.

    Сұхбат форматында өткізілетін мұндай сабақтар оқушыларға өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының маңыздылығы мен ерлікке толы қырларын тереңірек түсінуге, сондай-ақ болашақ кәсібін таңдауда қажетті бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары