«Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» форумы

    1 / 2

    Павлодар қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің қатысуымен «Еңбек адамы – Ел бірлігінің тірегі» республикалық кәсіподақтар форумының пленарлық отырысы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің бірінші орынбасары Ербол Тұяқбаев, сондай-ақ салалық және аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары, еліміздің өңірлерінен келген еңбек ұжымдарының өкілдері және әлеуметтік әріптестер қатысты.
    Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құттықтау сөз сөйлеп, өнеркәсіптік өңір үшін еңбек адамына құрмет көрсету, кәсіби шеберлікті дәріптеу және еңбек құқықтарын қорғау мәселелерінің ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
    «Павлодардағы кездесу Қазақстан Халық Кеңесінің кәсіподақ қауымдастығымен осындай форматтағы алғашқы диалогы болды. Әрбір бастаманы, әрбір айтылған сөзді нақты шешімге айналдыруымыз қажет. Бүгін бізге көрсетілген сенімді бәріміз нақты іспен ақтауымыз керек», – деп түйіндеді Ерлан Қошанов.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" жаңалықтары