Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандарына арналған семинар өткізді.

    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандарына арналған семинар өткізді.
    Кездесудің негізгі тақырыбы өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу мәселелерін реттейтін санитариялық қағидаларды практикалық тұрғыдан қолдану болды.
    Семинар барысында қалдықтармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде — оларды жинау мен пайдаланудан бастап, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру және көмуге дейінгі аралықта сақталуы тиіс талаптар жан-жақты қарастырылды.
    Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының негізгі ережелері түсіндірілді.
    Сонымен қатар қатысушылар санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе және практикалық ұсынымдармен алмасты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары