ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!

    ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!

    Күзгі-қысқы кезеңнің жақындауына байланысты жылыту маусымына дайындықты қазірден бастаңыз!

    🏠 Пешті пайдаланар алдында:
    ▪️ пеш пен түтін мұржасының жарамдылығын тексеріңіз;
    ▪️ түтін мұржасын күйеден тазалаңыз;
    ▪️ пештің алдына өлшемі кемінде 0,5 × 0,7 м металл қаңылтыр орнатыңыз;
    ▪️ пештің жанғыш заттардан қауіпсіз қашықтықта орналасуын қамтамасыз етіңіз.

    🚫 ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ:
    ▪️ жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз;
    ▪️ пешті балалардың қарауына тапсырмаңыз;
    ▪️ бензин, керосин және басқа да жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз;
    ▪️ пешті шамадан тыс қыздырмаңыз;
    ▪️ пеш пен мұржаға жақын жерде киім және басқа да жанғыш заттарды кептірмеңіз;
    ▪️ ақауы немесе жарығы бар пешті пайдаланбаңыз.

    ⚠️ Есте сақтаңыз! Пеш пен түтін мұржасын жылыту маусымы басталғанға дейін тексертіп, анықталған ақауларды дер кезінде жойыңыз.

    Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Кентау қаласы Ащысай ауылы әкімінің аппараты" жаңалықтары