1 / 8
Ащысай ауылы тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Аширбаев Бақытжан Шәкірұлы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Кентау қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Дәрібаева Бибі Еркінбекқызы және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Жолдаудың негізгі міндеттері, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері сөз болды. Қатысушылар пікір алмасып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









