КЕНТАУДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Салтанатты рәсім барысында 4 ана «Алтын алқа», 7 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.
Марапатталғандардың қатарында Ащысай ауылының тұрғындары, көпбалалы аналар Жадигерова Гүлзада Абдраманқызы мен Медетова Гүлзира Көмекбайқызы да бар. Олар «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Қала әкімі аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, олардың ел болашағын қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесіне бар ғұмырын арнаған аналардың еңбегі отбасы құндылықтарының, елдің демографиялық тұрақтылығы мен ұрпақтар сабақтастығының берік негізі екенін жеткізді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









