
2026 жылдың 7 қазанында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» КММ аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл бастаманың басты мақсаты — оқу орнының аумағын абаттандыру ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды және еңбекқорлықты қалыптастыру болып табылады.Акция барысында бөлім қызметкерлері мектеп ауласы мен оған іргелес аумақтарды түскен жапырақтар мен құрғақ шөптерден тазартты.
Білім беру мекемелерінің аумағында мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық кеңістіктердің тазалығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсетеді және өскелең ұрпақ үшін жайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыруға нақты үлес қосады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









