Сарыағаш ауданында кешенді оқу-жаттығу бойынша мәжіліс өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Сарыағаш ауданында кешенді оқу-жаттығу бойынша мәжіліс өтті


    2026 жылға арналған Түркістан облысының азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар жоспарына сәйкес, 7-9 қазан аралығында Сарыағаш ауданында аумақтық деңгейдегі кешенді оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.


    Осыған орай, дайындық барысын пысықтау мақсатында мәжіліс өтті. Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержанов, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Дүйсенов, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері сондай-ақ салалық мекеме басшылары мен жауапты мамандар қатысты.


    Мәжілісте оқу-жаттығуды ұйымдастыру, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету және жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері талқыланды.
    Аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуі мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы маңызды екенін атап өтті.
    Жиын соңында жауапты башыларға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы оқу-жаттығуға дайындық жұмыстары пысықталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары