Азия чемпионатының бес медалі — қостанайлық спортшылардың еншісінде!

    Азия чемпионатының бес медалі — қостанайлық спортшылардың еншісінде!

    Қостанай облысының спортшылары тарихи спорттық додада өздерін жарқын қырынан танытты. 2026 жылғы 3-7 қазан аралығында Таиландтағы Кэнгкрачан ұлттық саябағында алғаш рет шаңғы роллерінен FIS Азия чемпионаты өтті.

    Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз әртүрлі деңгейдегі бес жүлдеге ие болды.

    Наиль Башмаков — ерлер арасында еркін стильдегі 12,5 шақырымдық жеке жарыста алтын медаль жеңіп алды.

    Ратмир Югай — 200 метр қашықтықтағы суперспринтте сенімді жеңіске жетіп, алтын жүлдені иеленді.

    Дарья Ковалёва — жан-жақтылығы мен жоғары төзімділігін көрсетіп, жүлделердің толық жиынтығын еншіледі: 15 шақырымдық классикалық масс-стартта күміс, 12,5 шақырымдық еркін стильдегі жеке жарыста қола және 200 метрлік суперспринтте қола медаль.

    Бұл жеңіс қостанайлық қысқы спорт түрлері мектебінің халықаралық аренадағы жоғары деңгейдегі дайындығының айқын дәлелі болды.

    Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құрлықтық біріншіліктегі тарихи жетістіктерімен құттықтаймыз !

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары