ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ

    ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ

    Аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған "Ұстаздың шуақты әлемі" атты мерекелік концерт өтті.

    Салтанатты шараға аудан әкімі, аудандық мәлихат төрағасы, ауданның білім беру саласының ардагерлері, ұстаздар қауымы, мектеп директорлары, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

    Шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлыбек Даумов - Ұстаз – әр адамның өмірінде айрықша орны бар қадірлі жан. Бізге алғаш әріп танытып, білімге жол ашқан мұғалімдерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Ұстаздың айтқан ақылы мен берген тәлімі жылдар өтсе де жадымызда сақталады, - деген ыстық лебізін жеткізді. Мерекелік шара барысында аудан әкімі Н.Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева, «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ж.Ташуов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.Умарова білім беру саласында еселі еңбек еткен бірқатар ұстаздарды марапаттап, алғыстарын білдірді.

    Мерекелік кеш барысында білім саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге елеулі үлес қосып жүрген ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді.

    Мерекелік кештің көркін ауданның білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасы қыздырды. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер мен жүрекжарды жырлар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер туындысынан ұстаздарға деген шәкірттердің шынайы құрметі мен алғысы аңғарылды.

    Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіретін ардақты тұлға. Сондықтан ұстаз еңбегін ұлықтау – ел болашағына қызмет етіп жүрген жандарға көрсетілген үлкен құрмет.

    Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара білім саласы қызметкерлеріне деген ыстық ықылас пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бөкей ордасы ауданының әкімдігі" жаңалықтары