
7 қазанда Қазақстан Кәсіподақтары күні қарсаңында Кәсіподақтар үйінде салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға өңірдің кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен көшбасшылары, әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ жастары, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Кәсіподақтар орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов іс-шараға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз сөзінде кәсіподақ қозғалысының негізгі міндеттерін атап өтті.
– Біздің басты міндетіміз – еңбек адамының, оның құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы. Бүгінде кәсіподақтардың алдында лайықты және қауіпсіз жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбекақының әділ төленуі, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту міндеттері тұр, – деп атап өтті Темірбек Қасымжанов.
Сондай-ақ,іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Б. Кизатов қатысты. Ол кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіподақтармен бірлесіп атқарылған жұмыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы туралы сөз сөйледі.
Әлеуметтік әріптестер кәсіподақтар, жұмыс берушілер және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау тетігі ретінде әлеуметтік диалогты дамытуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында кәсіподақ қозғалысы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Көп жылғы адал еңбегі, кәсіби жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі және еңбек құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медальдары мен Құрмет грамоталары, сондай-ақ салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының марапаттары табысталды.
Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.









