Ұжымдық шарт жасасу мәселелері бойынша семинар

    Ұжымдық шарт жасасу мәселелері бойынша семинар

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі «Ұжымдық шарт: құқықтық маңызы, жасасу алгоритмі, заңнамадағы жаңалықтар» тақырыбындағы семинарға қатысты.

    Іс-шара Павлодар облысының Кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің «PROтруд» жобасы аясында өткізіліп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалы құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналды.

    Семинарға Павлодар облысының кәсіподақ ұйымдарының, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында Департамент өкілі «Ұжымдық шарт жасасуды мониторингтеудің өзекті мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі. Қатысушыларға ұжымдық шарттарды жасасу тәртібі мен олардың мазмұнына қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негізгі талаптары, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізу кезінде назар аудару қажет негізгі мәселелер түсіндірілді.

    Ұжымдық шарттың әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі рөліне, жұмыскерлер үшін қосымша еңбек және әлеуметтік кепілдіктер белгілеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелерді ұжымдық шартқа енгізуге жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.

    Семинар барысында сондай-ақ ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, ұжымдық келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысы, ұжымдық шарттың мазмұны, оның қолданылу мерзімі мен қолданылу аясы қарастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" жаңалықтары