
"Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасымен бірлесіп, салық міндеттемелері бойынша берешегі бар Денисовка ауылының тұрғындарын атаулы аралап шықты.
Аралау барысында мамандар мүліктік және көлік салықтары бойынша берешегі бар тұрғылықты жері бойынша азаматтарға барып, оны өтеу мәселелері, сондай-ақ салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажеттілігі туралы түсініктемелер берді.
Азаматтарға банктердің мобильдік қосымшалары арқылы берешекті төлеуді жүзеге асыруда практикалық көмек көрсетілді.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша тұрғындардың едәуір бөлігі қолда бар салық берешегін өтеген. Денисов ауылдық округінің тұрғындарын салықтар бойынша берешектің бар-жоғын уақтылы тексеруге және өсімпұл есептелмеу үшін белгіленген мерзімде төлем жасауға шақырамыз.









