Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты
Денисов ауылдық округіәкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Денисов ауылдық округіәкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Құжаттар
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша»
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша» Денисовка а.2025 жылғы«09»маусым «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіТөрағасының2016жылғы19қазандағы №12бұйрығыменбекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудіңҮлгілік қағидаларына,Қазақстан Республикасысыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіТөрағасының(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудіңӘдістемелікұсынымдарға сәйкес,«Денисов ауылдық округіәкімініңаппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылады. «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – талдау) объектісі болып табылады. «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында,Денисов ауылдық округінің әкімі2025жылғы27маусымдағы №59-ө өкім шығарылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудіңҮлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі-2024жылғы1шілдеденбастап 2025 жылғы31 мамырға дейін. 1.Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері Талдаудың мақсаты «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою болып табылады. Талдаудың міндеті «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою болып табылады. 2.Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады: 1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар; 2 2) талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған, талдау объектісінің қызметі туралымемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері; 4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері; 5) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері; 7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; 8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері. 9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды адамдарын жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынымдар; 10) талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істер фабулалары; 11) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілгенсыртқыталдаудың нәтижелері; 12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері; 13) талдау объектісі қызметкерлерінің, жұмыскерлерінің сауалнамасының нәтижелері; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылуына тыйым салынбаған өзге де мәліметтер I.Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1.1.Негізгі функцияларды жүзеге асыру Нормативтік база: 1)«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заң, "Денисовауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) туралы Ереже (Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №224 қаулысымен бекітілген, бұдан әрі-Ереже), 2)"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заң 3)Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы 4)өзге де салалық құқықтық актілер 2024жылғы1шілдеденбастап 2025 жылғы31 мамырға дейінкезеңдеауылдық округ әкімінің актілеріне прокурордың наразылықтары енгізілмеген. Негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша өкімдер әкім аппаратында 3 "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделді, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес келеді.», "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы". Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ауылдық округ әкімінің өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасауға, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтарға ықпал ететін ережелер белгіленбеген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ. Ішкі құжаттарда (бұдан әрі - ІҚ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінкезеңде«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ішкі құжаттардасыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: жоқ. II.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 2.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жер қатынастары саласында электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді, бұл жеке және заңды тұлғалармен тікелей өзара іс-қимылды болдырмайды. Денисов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 03 маусымдағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттерді жүктеу туралы" №67-ө өкіміне мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі міндеттер, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша бас маман Зульфия Адылхановна Абиловаға жүктелген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты 6 (алты) мемлекеттік қызмет көрсетеді: 1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; 2.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; 4 3.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу: 4.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату; 5.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою; 6.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту. Денисов ауданының ресми сайтында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі туралы толық ақпарат орналастырылған. Ақпарат заңнаманың өзгеруіне қарай жаңартылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінкезеңдеДенисов ауылдық округі әкімінің аппаратымен 78 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде: «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 52. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»- 1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»- 4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 19. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»- 2. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметі бойынша2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінкезеңдеөтініштер түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер белгіленген тәртіпте қаралады, бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: 2024жылы "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша қайшылықтарды анықтадық.2025жылғы 15 сәуірде "Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына өзгерістер енгізілді. "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелерінде ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті беруші болып табылады, яғни нормативтік-құқықтық актідегі олқылық жойылды. Бүгінгітаңда ауылдық округ әкімі көрсететін жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ. 5 2.2. Кадр саясаты Персоналды басқару. Кадрлардың қозғалысы Мемлекеттік қызмет: Денисов ауылдық округі әкімі аппаратының штат саны- 8 бірлік. Нақты саны – 6 әкімшілік мемлекеттік қызметші. Бос жұмыс орыны - 2. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінкезеңде: Кадрлардың біліктілігін арттыру/қайта даярлау(өту орны: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы):біліктілігін арттыру – 3 қызметші(«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас мамандары (E-G-3); қайта даярлау – 2 қызметші(Денисов ауылдық округі әкімінің орынбасары (E-G-1), Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (E-G-3)). Тағылымдама(өту орны: «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Денисов ауданының Мансап орталығы», Денисов аудандық мемлекеттік мұрағаты, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» Қостанай облысы бойынша филиалыДенисов аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі):– 3 қызметші(«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММбас мамандары (E-G-3). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін әкім аппаратының барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары Мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақтылы табыс етті. Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестес болуы; жақын туыстарының, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы); лауазымды адамдар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. Тәртіптік тәжірибе 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінкезеңде тәртіптік жаза болған жоқ. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) қызметкерлер бұзған жоқ.Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады.Еңбек тәртібі бұзылған жоқ.Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлерге теріс ақпарат орналастырылған жоқ. Мүдделер қақтығысы:Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет ету 6 фактілерін анықтау мақсатында Денисов ауылдық округі әкімі аппараты қызметшілерінің жеке істері зерделенді. Қызметкерлер арасында туыстық байланысты растайтын деректер табылған жоқ. Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. Қаржы-шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімі ашық және мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы барлық әлеуетті өнім берушілерге қолжетімді және Мемлекеттік сатып алу электрондық түрде өтеді, бұл өнім берушілер мен тапсырыс берушілер арасындағы сөз байласуды барынша азайтады, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану деңгейін төмендетуге ықпал етеді. «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ - де2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінкезеңде 167 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде: 1)баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу: өткізілді - 31, бұзушылықсыз; 2)бір көзден алу тәсілімен: а) өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша – 33, бұзушылықсыз өткізілді; б) мемлекеттік сатып алу бойынша тікелей шарт жасасу жолымен - 63, бұзушылықсыз жүргізілді; 3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу: өткізілді - 20, бұзушылықсыз; 4) электрондық дүкен – 15, бұзушылықсыз; 5) негіздемелік келісімнің екінші кезеңі – 5, бұзушылықсыз. Мүдделер қақтығысы: Ұсынылған мәліметтерді талдау арқылы мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Тікелейшарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттігіне қарамастан, бұл әдіс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін білдіреді, өйткені бәсекелестік ортаның, өнім берушіні таңдаудың ашық рәсімінің болмауы бақылау мен есептілікті қиындатады. Жоюбойынша ұсыныстар: ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын қатаң басшылыққа алу. Тікелей шарт 7 жасасуарқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды барынша азайту. Сатып алудың осы түрін өткізу қажет болған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында міндетті түрде жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісуді жүргізу. 2.3.Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы Құжаттаманы есепке алу Салалық НҚА:"Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы. Жыл сайын есепті кезеңде тұрақты және жеке құрамның құжаттары цифрландырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. 2.4.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі. Өтініштерге берілген жауаптары уақытша және нәтижелі қаралады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінгікезеңде жеке тұлғалардан 38 өтініш және заңды тұлғалардан 6 өтініш қабылданды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының кеңестерінде мемлекеттік қызметшілердің назары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін сақтау қажеттілігіне аударылады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінгікезеңдетүскен арыз-шағымдардың талдауы анықталды: Жеке тұлғалар өтініштерінің негізгі ерекшелігі: -мәліметтер беру туралы сұрау салулар; -жер қатынастары туралы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. 2.5.Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету Мекеме интернет-ресурстарда, Instagram-да, «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ ресми сайтында ақпарат орналастырады. "Наше Время" аудандық газетінде тоқсан сайын сенім телефонының нөмірі және ауылдық округ әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі жарияланады. Аппараттың қызметі туралы, бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тұрақты негізде өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат 8 жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. 2.6.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг нәтижелері 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінгікезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг жүргізілмеген. 2.7. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды. Бақылау функциясы қызметкерлердің еңбек тәртібін, этика нормаларын сақтауын бақылау бөлігінде ауылдық округ аппараты ұжымының ішінде іске асырылады, бұл функция өзге жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер етпейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. 2.8. Сот практикасын талдау 2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жауапкер ретінде тоғыз сот процесіне қатысты."Меншік құқығын сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы" талап қою талаптарының мәні. Мемлекеттік органның талап қою бойынша ұстанымы:"Шешім соттың қарауына, талаптар жоқ". 2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ талапкер ретінде 10 сот процесіне қатысты.«Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы», «Айыппұлды өндіріп алу туралы» талап қою талаптарының мәні. Мемлекеттік органның талап қою бойынша ұстанымы:"Талап арызды қанағаттандыру". 2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мүдделі тұлға ретінде бір сот процесіне қатысты. «Мүлікті иесіз және коммуналдық меншікке өткен деп тану туралы» талап қою талаптарының мәні. Мемлекеттік органның талап қою бойынша ұстанымы:"Талап арызды қанағаттандыру" Жоғарыдааталған кезеңде Денисов ауылдық округінің әкімі әкімшілік істе жауапкер ретінде қатысты: "22.01.2004 жылғы №1 шешімге дау айту және мәжбүрлеу туралы". Әкімнің талапты қанағаттандырудағы ұстанымы бас тарту. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. 9 2.9. Қадағалау органдарын тексеру нәтижелері туралы мәліметтер Бақылау органдарын тексеру және басқа да шаралар нысандары2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінгікезеңінеталдау объектісіне қатысты тексеру жүргізілген жоқ. 2.10.Фискалдық органдарды тексеру нәтижелері туралы мәліметтер 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 мамырға дейінгікезеңде фискалдық органдардантексерулер болған жоқ. 2.11.Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері Талдау барысында «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ уәкілетті тұлғалары тарабынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және азаматтардан түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. 2.12.БАҚ және өзге де ақпарат көздерінің мониторингі Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтардан бастап мамырға дейінгі кезеңде "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ уәкілетті тұлғалар тарабынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы жарияланымдар анықталған жоқ.Әлеуметтік желілерді, блог-платформаларды, сондай-ақ басқа да интернет-ресурстарды ақпараттық талдаумен жоғарыда аталған хабарламалар да анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:жоқ. Қорытынды. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бір ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Денисов ауылдық округінің әкіміМ. А. Утралинов Бас мамандарЗ. А. Абилова З.М. Нургалиева Денисов аудандық мәслихатының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутатыВ.В. Шерер 10 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарғасыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі 4-қосымша № Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелі 1 Ауылдық округінің әкімі Өнімберушілерді, Шарт талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктер, олардың орындалуын бақылау Тікелейшарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу (бәсекелестік ортаның болмауы)
«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшылығының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін 2026 жылғы 4 тоқсанда ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
«Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшылығының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін 2026 жылғы 4 тоқсанда ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жені Қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы Қабылдау күні мен уақыты Мемлекеттік органның орналасқан жері және байланыс телефоны АЛПЫСОВ Даулет Бауржанович Ауылдық округінің әкімі сәрсенбі, бейсенбі 15.00- 17.00 Денисовка а., Калинин к., 6 8(714 34) 21950 ЗАХАРОВ Дмитрий Викторович Ауылдық округі әкімінің орынбасары сейсенбі, жұма 15.00- 17.00 Денисовка а., Калинин к., 6 8(714 34) 22277 Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қабылдауы және өтініштерді қарау мәселелері бойынша 8 (71434) 2-22-77 телефоны арқылы өтініш беру.





