Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау

    Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау

    Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау
    Бақылаудың басты мақсаты — тек заң бұзушылықты анықтап, нұсқама беру емес. Ең маңыздысы — анықталған мәселенің шешілуі және азаматтардың құқықтарының сақталуы.

    Есепті кезеңде 26 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның 24-і профилактикалық бақылау, 2-еуі жоспардан тыс тексеру болды.

    Жалпы 426 заң бұзушылық анықталды.

    Оның ішінде 144 жағдай жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасында көзделген оңалту іс-шараларының орындалмауына байланысты болды. Барлық заң бұзушылықтар жойылды.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету кезінде тағы 110 заң бұзушылық анықталды. Бұл жағдайлардың барлығы да түзетілді.

    Ал мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімді болуына ерекше көңіл бөлеміз. Осы бағытта 172 заң бұзушылық анықталды.

    Профилактикалық бақылау нәтижесінде 24 нұсқама берілді.

    Ал екі жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде қолжетімділік талаптарының бұзылғаны анықталып, тиісті нұсқамалар берілді және әкімшілік шаралар қабылданды. Қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жалпы 367 мың 625 теңге көлемінде айыппұл төленді.

    Сонымен қатар, прокуратураның тексеру жүргізбестен қозғаған әкімшілік ісі бойынша қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін 519 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Бірақ тағы да атап өткім келеді: айыппұл салу — бақылаудың мақсаты емес.

    Біздің негізгі міндетіміз — заң бұзушылықтарды жоюға қол жеткізу және әлеуметтік қызметтердің адамдарға шын мәнінде қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

    Департаменттің жұмысы ең алдымен осы мақсатқа бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары