2026 жылғы 06 қазанда Талдыбұлақ ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды нысан- өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Кербұлақ ауданының әкімінің бірінші орынбасары Жолжанов Даурен Бақтұрұлы, Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, ауыл тұрғындары және қоғам өкілдері қатысты.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Бекеттің жұмыс істеуі төтенше жағдайлар мен өрт оқиғаларына жедел әрекет етуге, өрттің таралуына жол бермеуге және тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында сөз сөйлегендер жаңа нысанның ауыл үшін маңыздылығына тоқталып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі болуына тілектестіктерін білдірді.
Талдыбұлақ ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы – елді мекеннің қауіпсіздік инфрақұрылымын нығайтып, тұрғындарға көрсетілетін азаматтық қорғау қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін игі бастама.
Қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет. Жаңа өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды нысан болмақ.








