Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Атмосфералық ауаның сапасын бақылау — қоршаған ортаның жай-күйін бағалаудың маңызды бөлігі. 🌍
Арнайы бақылау құралдарының көмегімен ауа құрамындағы ластаушы заттар мен ұсақ бөлшектердің мөлшері анықталады. Сынамалар белгіленген тәртіппен алынып, зертханада талдаудан өтеді.
🔹 ГАНК-4 – атмосфералық ауадан газдар мен аэрозольдерді жинауға арналған аспап;
🔹 Газоанализатор – ауа құрамындағы белгілі бір газдардың концентрациясын анықтайды;
🔹 Аспиратор – ауаны арнайы сорбенттер арқылы өткізіп, ластаушы заттарды жинауға мүмкіндік береді;
🔹 PM₂.₅/PM₁₀ өлшегіштері – ауадағы ұсақ қатты бөлшектердің мөлшерін анықтайды.
📌 Алынған нәтижелер қоршаған орта жағдайын бағалауға және ауа сапасына мониторинг жүргізуге негіз болады.







