Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл -ортақ міндет

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл -ортақ міндет

    Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға ауылдық округ әкімі, кітапхана басшысы, дәрігерлік амбулаторияның фельдшері, мәдениет үйінің директоры, мектеп директоры, учаскелік полиция қызметкері, ветеринария бөлімінің бас маманы және әкім аппаратының мамандары қатысты.

    Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, қызметтік міндеттерді адал орындау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды.

    Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қоғамда заңдылықты, ашықтықты және адалдық қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажеттігі айтылды.

    Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары