
Мерекелік шара барысында педагогтер мен саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге арнаған ұстаздық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Самар ауданы әкімінің атынан ұстаздарды аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Амангелдинов құттықтады. Ол педагогтерге кәсіби мерекелерімен құттықтауын жеткізіп, білім беру саласына қосқан үлестері, кәсібіне деген адалдығы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
Салтанатты шара барысында білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін бірқатар педагогке Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік кеш арнайы ұстаздарға арналған концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш қонақтарына әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдардың өнері ұсынылды.







