«ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»

    «ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»

    Ұстаздар күніне орай аудан көлемінде «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
    Мерекелік шараның алғашқы бөлігінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан жасақталған көрмені аудан әкімі А. Купенов, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы аралап, оқушылардың шығармашылық еңбектеріне оң бағасын берді.
    Шараның салтанатты бөлімінде аудан әкімі А. Купенов білім беру саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген үздік ұстаздарды құттықтап, олардың кәсіби жетістіктері мен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбектерін атап өтіп, марапаттар табыстады.
    Ұстаздар мерекесіне арналған іс-шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.
    Концерттік бағдарламаның арнайы қонақтары – эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, ұстаздарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Ұстаз жаққан білім шырағы ұрпақ жүрегінде мәңгі жарқырап, ел болашағына жол көрсете берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары